6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШымкентте 20 жастағы қызды алдымен үйлену мақсатында ұрлап әкетіп, кейін зорлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
EGOV.PRESS-тің Telegram арнасы таратқан ақпаратта қыз тұрмысқа шығуға қарсы болғаны айтылады.
Шымкенттік ер адам алдымен 20 жастағы қызды ұрлап әкеткен, қыз келіспеген соң, оны зорлаған. Жігіттің туыстары қыздың ата-анасына «қуанышты» хабарды жеткізіп, жәбірленушінің жақындары екеуін үйлендіруге келіскен. Алайда қызды құрбылары құтқарып қалды, - деп жазылған Telegram арнада.
Шымкент полиция департаменті осы фактке қатысы бар тұлғалардың полицияға жеткізілгенін хабарлады.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі