30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАбылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 мамырда Павлодар облыстық сотына сотталушы Абылай Мырзахметовтен шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түскен. Алайда Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі өтініштің әлі қаралмағанын мәлімдеді. Қазіргі таңда Абылай Мырзахметов Павлодар облысындағы №46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Бұған дейін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы болған Абылай Мырзахметовке қатысты былтыр сот үкімі шыққан еді. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айыппен оны кінәлі деп таныды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағына сәйкес, Абылай Мырзахметов аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекеті үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл бойы қызмет атқаруға тыйым салынды. Мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 миллиард теңге көлеміндегі ақша тәркіленді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды