13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2025 жылдың 5 мамырына Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты түзеу мекемесінде әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушыларына үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сотталғандардан құралған қылмыстық топ өзге жазасын өтеушілерден ақша бопсалаумен айналысқан.
Қаражатты алу үшін олар физикалық күш қолданған, психологиялық қысым көрсеткен және қорлау сипатындағы «жиналыстар» өткізген. Онда жәбірленушілерді ақшасынан «ерікті түрде» бас тартуға мәжбүрлеген.
Қылмыстық істің күрделілігі мен көп эпизодтылығына байланысты тергеуді облыс прокуратурасы жүргізді.
Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың тоғыз қатысушысы анықталды. Тергеу нәтижесінде қылмыстық іс ҚР ҚК 262-бабының 1, 2-бөліктерімен (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сондай-ақ оларға қатысу) және 194-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (бопсалау) бойынша сотқа жолданды.
Сот сегіз айыпталушыны кінәлі деп танып, оларды 8 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тоғызыншы қатысушыға қатысты үкім шыққанға дейін қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды