29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ресми өкіл жедел желіге 1000-нан астам қоңырау келіп түскенін айтты. 150-ден астам қазақстандықтың орналасқан жері анықталған.
Сондай-ақ құжаттарын жоғалтқан отандастарымыздың құжаттарын консулдар қайта рәсімдеп берді. Апат аймақтарынан 124 Қазақстан азаматы шығарылды. Оның ішінде 58-і Астанаға жеткізілді. 2 күн бойы байланысқа шыға алмаған Қазақстан азаматы табылды.
Қазақстанның тағы бір азаматы хабар-ошарсыз кеткенін ресми өкіл растады.
“6 ақпаннан бері байланысқа шықпады. Тұратын жері - Қаһраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің жедел желісіне хабарласқаннан кейін оны іздеу жұмыстарын бастадық. Көршілердің айтуынша, үй қираған кезде ол ішінде болған,- деді Айбек Смадияров.
Түркияда жойқын зілзаладан қаза болған қазақстандық Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылғандығын хабарлаған болатынбыз. Олардың денесі 11 ақпанда елге жеткізіледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек