Түркиядағы зілзаладан соң тағы бір отандасымыз жоғалып кетті

Түркиядағы зілзаладан соң тағы бір отандасымыз жоғалып кетті

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ресми өкіл жедел желіге 1000-нан астам қоңырау келіп түскенін айтты. 150-ден астам қазақстандықтың орналасқан жері анықталған.

Сондай-ақ құжаттарын жоғалтқан отандастарымыздың құжаттарын консулдар қайта рәсімдеп берді. Апат аймақтарынан 124 Қазақстан азаматы шығарылды. Оның ішінде 58-і Астанаға жеткізілді. 2 күн бойы байланысқа шыға алмаған Қазақстан азаматы табылды.

Қазақстанның тағы бір азаматы хабар-ошарсыз кеткенін ресми өкіл растады.

“6 ақпаннан бері байланысқа шықпады. Тұратын жері - Қаһраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің жедел желісіне хабарласқаннан кейін оны іздеу жұмыстарын бастадық. Көршілердің айтуынша, үй қираған кезде ол ішінде болған,- деді Айбек Смадияров.

Түркияда жойқын зілзаладан қаза болған қазақстандық  Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылғандығын хабарлаған болатынбыз. Олардың денесі 11 ақпанда елге жеткізіледі.