Түркиядағы құтқарушылар елге оралған соң марапатталады

14 Ақпан 2023, 14:17 1725

Бұл туралы Ақорда мәлім етті

Түркиядан аман-есен оралған соң құтқарушылар міндетті түрде марапатталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты. Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттаймыз», - деді Президент.

Еске салсақ, 7 ақпан күні Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Ибрахимили ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.

8 ақпан күні Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына жетті. 

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: