Түркияда тағы да 5,6 балдық жер сілкінісі болды

27 Ақпан 2023, 16:53 2233

Түркияның Малатия провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Anadolu сілтемесімен.

Дүмпулер жергілікті уақыт бойынша сағат 12.04-те тіркелді, эпицентрі Йешилютр ауданында болды. Жер сілкінісінің ошағы 6,96 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісін көрші провинциялардың тұрғындары сезінді.

"Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) жер сілкінісінен үйлердің құлағанын хабарлады", - деп хабарлайды агенттік.

Апат аймағына жедел түрде құтқарушылар жіберілді.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда жойқын жер сілкінісі болғаны белгілі. Зілзаладан соң 4 мыңнан астам афтершок тіркелді.

EL.KZ
Бөлісу: