23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді31 жастағы жерлесіміз Бегалы Тәліпов атыс салдарынан оқ жарақатын алған. Оқиға 17 сәуір күні кешкі уақытта болған. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаны растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, Бегалы Тәліпов Ыстамбұлға баласын емдетуге барған.
Бас консул Бегаланы ауруханаға өзі апарғанын хабарлады.
Кеше, 18 сәуірде Бас консулдығымызға азаматымыз қоңырау шалып, оның атыс қаруынан жарақат алғанын айтты. Консул дереу зардап шеккен азаматқа барып, оны жергілікті ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеруден кейін оның жағдайы тұрақталды. Қазір барлығы жақсы. Оқ ату бойынша ота жасалатын болады. Алдын ала болжам бойынша, жерлесіміз жергілікті тұрғындар арасындағы атыс салдарынан кездейсоқ құрбан болған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Азаматтың жанында әйелі де бар", – деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша оқ көліктен атылған. Қазақстандықтан басқа тағы екі адам зардап шегіп, бір адам қаза тапқан.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады