30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу 25 қазан – Республика күніне орай қазақ халқына ізгі тілегін жолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елші өз құттықтауында бұл күннің тарихи және рухани мәнін ерекше атап өтті:
Осыдан 35 жыл бұрын достас әрі бауырлас қазақ халқының тәуелсіздік пен егемендік жолында ерік-жігерін паш еткен 25 қазан - Қазақстанның Республика күнін шын жүректен құттықтаймын!
Мұстафа Капуджу Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін қысқа уақыт ішінде қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін аз ғана уақыт ішінде қол жеткізген саяси тұрақтылығы, экономикалық дамуы, халықаралық беделі әлемнің көптеген елдеріне үлгі. Біз Түркия ретінде Қазақстанның жүргізіп жатқан саяси, әлеуметтік және экономикалық реформаларына үлкен таңданыспен қараймыз және Қазақстан мен оның басшылығының бейбітшілік, өркендеу және даму жолындағы табанды қадамдарын шын жүректен қолдаймыз, – деді елші.
Дипломат бауырлас екі елдің тарихи және мәдени байланыстарына да тоқталды:
Түркия мен Қазақстан - өзара халықтары арасындағы ортақ тарихқа, тілге, дінге және мәдениетке негізделген берік бауырластық байланыстарға ие екі дос ел. 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет ретінде Түркия Қазақстанмен қарым-қатынасының кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткенін мақтан тұтады. Екі елдің саяси, экономикалық, әскери, мәдени және білім беру салаларындағы тығыз ынтымақтастығы түрік және қазақ халықтарының ниеттестігі мен ортақ болашаққа деген сенімінің жарқын үлгісі болып табылады.
Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әскери, мәдени және білім салаларындағы ынтымақтастық — халықтардың өзара сенімі мен достығының нақты көрінісі.
Сөз соңында Мұстафа Капуджу Қазақстан халқына ізгі тілегін білдірді:
Түркия мен Қазақстан - өзара халықтары арасындағы ортақ тарихқа, тілге, дінге және мәдениетке негізделген берік бауырластық байланыстарға ие екі дос ел. 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет ретінде Түркия Қазақстанмен қарым-қатынасының кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткенін мақтан тұтады. Екі елдің саяси, экономикалық, әскери, мәдени және білім беру салаларындағы тығыз ынтымақтастығы түрік және қазақ халықтарының ниеттестігі мен ортақ болашаққа деген сенімінің жарқын үлгісі болып табылады, - деді Түркия елшісі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды