28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТүркітілдес елдердің ақпараттық альянсының төрағалығы Qazcontent акционерлік қоғамына ресми түрде тапсырылады. Бұл туралы Түркияның Anadolu Ajansı агенттігінің стратегиялық коммуникациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Билгехан Өзтүрік айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Альянсты құрған кезде біздің мақсат – түркі әлемінің ортақ мұрасын, тәжірибесін және медиа саласындағы әлеуетін бірлесе дамыту болды. Ертең біз екі жылда бір өтетін Түркітілдес елдердің ақпараттық альянсының жалпы жиналысын өткізбекпіз. Сол жиында осы ұйымның алғашқы төрағалық кезеңін аяқтап, оны QazContent-ке ресми түрде тапсырамыз, – деді Билгехан Өзтүрік.
Оның айтуынша, төрағалықты тапсыру рәсімі – түркі елдерінің медиа және ақпарат саласындағы ынтымақтастығының маңызын арттыратын маңызды қадам.
Альянстың негізгі мақсаты – әрбір ақпарат агенттігінің жеке тәжірибесі мен көзқарасының негізінде, сондай-ақ заман талабы мен жасанды интеллект секілді жаңа технологияларды ескере отырып, ортақ ақпараттық әлеуетті біріктіру, дамыту және бөлісу. Яғни, әр агенттіктің өзінде бар мүмкіндіктер мен ресурстарды бір-бірімен бөлісе отырып, барша агенттіктердің әлеуетін жаңа деңгейге көтеруді көздейміз, – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Түркітілдес елдердің ақпараттық альянсы 2023 жылы Түркияда бес елдің қатысуымен құрылған. Оның құрамына Қазақстаннан Qazcontent, Түркиядан Anadolu Ajansı, Әзербайжаннан AZERTAC, Қырғызстаннан KABAR, Өзбекстаннан UZA халықаралық ақпарат агенттіктері кіреді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?