30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыРеспублика күніне орай Түркістанда Мемлекеттік Туды ресми көтеру рәсімі өтті. «Рәміздер алаңында» ұйымдастырылған патриоттық іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары және жалынды жастар қатысты, деп хабарлайды El.kz.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, салтанатты шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, көк Тудың мәртебесін көтеретін бастамаға үлес қосты. Алдымен Әнұран шырқалды. Одан соң, облыс өнерпаздары рухты оятатын отаншылдық бағыттағы әндерді шырқап, мерекенің ажарын аша түсті. Түркістандықтар Қазақстан көлемінде тойланып жатқан патриоттық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Түркістандағы «Рәміздер алаңындағы» тұғырдың биіктігі – 62,5 метр. Ал Тудың ені 12 метр болса, ұзындығы – 24 метр. Еліміздегі ең биік тұғыр мен тудың бірі болып есептеледі.
Еске сала кетейік, Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды