Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжілістегі «Ақ жол» фракциясының депутаты Қазыбек Иса Түркістан облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әңгімелесу барысында Қазыбек Иса руханиятты қолдауға бағытталған бірқатар бастамаларға тоқталды. Соның ішінде жуырда ғана Мәжілісте қабылданған Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңы зиялы қауым өкілдері тарапынан ерекше қолдау тапты.
Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң қабылданды. Оны дайындауға облысымыздағы бірқатар зиялылар атсалысты. Қаншама талқылау мен ұсыныстар айтылды. Парламентте қолдау тапқанына қуаныштымыз. Түркістан тарихының жаңаша түлеуге жол ашылғанына шынайы ризамыз, – деді тарихшы Хазретәлі Тұрсын.
Ал Қазыбек Исаның айтуынша, аталған заң Түркістанға ерекше мәртебе беріп қана қоймай, қаланың қарыштап дамуына, өңірге қомақты инвестиция тартуға, мәдени-рухани құндылықтардың сақтап қалуға зор септігін тигізбек.
Өз кезегінде «Turkistan Media Holding» басқарушы директоры Тельман Бейсен тарихи орындар саналатын «Қызқорған», «Балақорған» қамалдарын мемлекеттік қорғауға алуды ұсынды. Осы киелі жерлерге баратын жолды жөндеп, туристерге қолайлы жағдай жасауға шақырды.
Кешегі біздің қабылдаған заңымыз осындай құндылықтарға қызмет етуі керек. Қасиетті жерлердің маңызын сақтауымыз қажет, – деді Қазыбек Иса.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары