Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚырғызстанның Бішкек қаласында 15–19 мамыр күндері гір спортынан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Азия біріншілігі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында бақ сынаған Түркістан облысы Созақ ауданының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Өңір коммуникациялар қызметінің ақпаратынша, ұзын айналым бағдарламасы бойынша жастар арасында 63 келі салмақта сынға түскен Бақыт Мақсатұлы үздік өнер көрсетіп, ел қоржынына алтын медаль салды. Ал Әбілхан Асылбек, Сырым Құдайберген, Ержан Қабылбек, Өскен Тілеген, Ерсайын Қоңыратбай, Сұлтанбек Ермекұлы сынды жас спортшылар 7 күмісті қанжығасына байлады.
Үздік үштіктер қатарына Нұрдаулет Қанат, Нышанай Мейрамбай, Нұртас Қасымхан, Мағжан Тамабай секілді өрендер енді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік