6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан облысында полицейлер донорлық қан тапсыру акциясын қолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тәртіп сақшылары жылдағы дәстүрге сай акцияға атсалысып, Түркістан қаласындағы Қан орталығының филиалында қан тапсырды. Бастамаға 50-ден астам полиция қызметкері қосылды.
Полицейлер қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етумен қатар, осындай шараларға белсенді қатысады. Күн сайын жазатайым оқиғалар мен жол апаттары салдарынан зардап шеккендерге, күрделі операциялар кезінде және ауыр науқастар үшін қан қажет екенін полицейлер жақсы түсінеді,-деп атап өтті облыстық полициядан.
Өз кезегінде медицина қызметкерлері полицейлерге қан құюға мұқтаж пациенттердің өмірін сақтап қалуға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдіріп, мұндай акциялар шынымен де өмірді сақтап қалуға көмектесетінін алға тартты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі