6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан облысының полицейлері оқушылармен кездесу өткізді. Мақсат - алаяқтық қылмысының алдын алу, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мектеп ұжымы және оқушылармен кездескен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Жасұлан Тастемір қатысушыларды алаяқтардан сақ болуға шақырды.
Кездесуде жастардың өмір салтына айналған әлеуметтік желіде алаяқтарға алданбау, күмәнді хабарламалар мен қоңырауларға абай болу, облыстағы алаяқтық қылмысының статистикалық көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ интернет алаяқтықтың жасалуына ықпал ететін факторлар мысалмен жеткізілді.
Кездесу соңында оқушыларға интернет-алаяқтықтың салдары туралы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ брошюралар таратылды. Іс-шарада барлығы 100-ден астам жас қатысып, профилактикалық іс-шаралармен және дәрістермен қамтылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі