6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан облысы Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Орынбай ата» шаруа қожалығы қырыққабаттың алғашқы өнімдерін Ресей еліне экспорттауды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, шаруашылық 1 гектар аумаққа қырыққабаттың ерте пісетін «Магнус» сортын еккен. Бұдан бөлек 2 гектар егістікке егілген «Зарисма» сортының өнімін алмақ. Сондай-ақ, шаруа 6 гектар жерге қауынның «Аэропорт» сортын егуді жоспарлап отыр.
Қожалық төрағасы Нұрлыбек Жайынбаевтың сөзінше, ақпан айының соңында 1 гектар аумаққа қырыққабат егіліп, барлығы 32 мың түп көшет өндірілген. Қырыққабаттың әр келісін егістік басынан 250 теңгеден саудалаған.
Ерте пісетін қырыққабаттың басым бөлігі Ресей, Белоруссия және Еуропа елдеріне экспортталады.
Айта кетейік, Жетісай ауданында биыл 1158 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егіліп, 50 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда. «Зарисма», «Валикор», «Магнус», «Ринда», «Заказ» сынды қырыққабат сорттары егілген алқаптың 893 гектарына су үнемдеу технологиясы енгізілген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі