Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТүркістан облыстық балалар ауруханасының медицина мамандары операция залына балаларды ерекше әдіспен кіргізуді ойлап тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақ халаттылардың айтуынша, кішкентай пациенттердің операция алдында қорқыныш сезімін болдырмау үшін "сен қаһарман батыр боласың" деп белгілі мультфильм кейіпкерінің киімін кигізіп, аналары операция залына өздері ертіп кіргізуде.
Бұл әдісті облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері University Medical Center-де операция ісі мамандарын біріктіретін IV Ұлттық Симпозиумына қатысып, жақсы тәжірибе жинақтап, іс-жүзінде өз жұмыстарына енгізген.
Қаһарман батыр кейіпкерінің киімін киген балақайлар операцияға көтеріңкі көңіл күймен кіруде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл әдісті әлемнің озық елдері қолданысқа енгізіп, оң нәтиже беріп жатқанын айтты.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары