23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түркістан облысы Төлеби ауданында бастауыш сынып оқушысы қырғауылды үй жағдайында зерттеп жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аудан орталығы Леңгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияның 2-сынып оқушысы Балару Әділхасым қырғауылды үй жағдайында жыл бойы өсіріп, көбейтуге болатынына көз жеткізіп отыр.
Түркістан облыстық білім басқармасының хабарлауынша, бастауыш оқушысы Баларудың үй жағдайында қырғауыл өсіруге деген қызығушылығы ата-анасы тарапынан қолдау тапқан. Ал оқушының құстың бұл түрін зерттеуге деген ынтасын ұстазы, тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Зәуре Көкеева оятқан.
Мен алтын түсті қырғауылды үй жағдайында зерттей отырып, бұл құсты жылдың әр мезгілінде өсірудің ерекшеліктерін білдім. Осылайша қырғауылдарды азықтандыруды, біртіндеп көбейтуді үйрендім. Жан-жақты оқып, зерттей жүріп, бұл құсты өсірудің шығыны мен пайдасын анықтадым. Қазіргі кезде үйімізде жиырмаға жуық қырғауылымыз бар», - дейді Балару Әділхасым.
Бір айта кетерлігі, жас зерттеушінің «Қырғауылды үй жағдайында өсіру және көбейту» жобасы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарына арналған республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде экология секциясы бойынша І-орынды жеңіп алған. Нәтижесінде оқушы қызға республикалық кезеңге жолдама берілген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік