2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТүркістандағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінде «Жеңісті күндерде жүздескенше» тақырыбында қазақ спорты журналистикасының кемеңгері, «Сейдахмет Бердіқұлов» атындағы сыйлықтың иегері, белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алу кеші өтті.
Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өзіндік қолтаңбасы бар Амангелді Сейітханға арналған іс-шараға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл, облыстық мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Нұрдәулет Сұлтанбек, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова қатысты. Сонымен қатар еске алу кешіне жары Назгүл Үркімбаева, ұлы Бекасыл Сейітханов, шәкірттері Телжан Күдеров, Жандос Айтбай, Қанат Базылхан арнайы қонақ болып, біртуар азамат туралы естеліктерімен бөлісті. Естелікке толы кешті дарынды оқушылар мен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнерпаздары өнерімен толықтырды.
Шара барысында облыстық спорт музейінің ұйымдастыруымен «Жағымды жаңалықтың жаршысы болған жампоз жан» атты Амангелді Сейітханға арналған көрме ашылды. Бұл көрмеде қазақ телевизиясының саңлағы туралы тың деректер мен құжаттары қойылған. Сонымен қатар, кешке келген отбасы мен шәкірттері музей қорына өзге де құнды жәдігерлерді сыйға тартты, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, аталмыш көрмені алдағы уақытта өңір қонақтары музей төрінен тамашалай алады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова