28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТүркістан қаласында «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров қалашыққа барып, мамандардың жобаға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында аймақ басшысы жобаға жауаптыларға шетелдің осы бағыттағы тәжірибелерін зерделеп, тиімді тұстарын алуды, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.
Әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгінде Күлтөбе қалашығының металл конструкциялары, күмбез жабындары орнатылған. Жан-жағына инфрақұрылым тартылған. Аталған жұмыстар ЮНЕСКО талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта қалашықта қабылдау орталығы, музейі бар ғимараттар салу ұсынысы енгізілген. Ол ғимараттарда Қаңлы дәуірі, Орта ғасырлар, Қазақ хандығы дәуірінің археологиялық ескерткіштерімен қатар сол кезең туралы мәліметтер жұртшылыққа ұсынылмақ. Сонымен бірге интерактивті қабырғалар орнатылып, технологияның соңғы үлгілері қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Айта кеетйік, жалпы бұл жобаның тұжырымдамасы әлі де талқыланып, тиісті шешім қабылданады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?