Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТүркістан облысының Мақтаарал ауданында 2024-2030 жылдар аралығында құны 70 млрд теңге болатын мақта кластерін дамыту бойынша 8 ірі жоба іске асырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жобалар 3020 жұмыс орнымен қамтамыз етіп, бюджетке 1 млрд. 862 млн теңге көлемінде қосымша салық түсімдерін әкелмек
3 желтоқсанда «Жаңасыл» зауыты пайдалануға берілді, онда жылына 80 мың тонна мақта талшығы өндірілетін болады. Кәсіпорын тәулігіне 600 тонна таза мақта өңдейді, бұл күн сайын 180 тонна мақтаталшығын алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жоба аясында Мақтаарал және Жетісай аудандарында 13 мақта қабылдау пункті жұмыс істейді. Егін жинау науқаны басталғаннан бері 41 мың тонна мақта жиналды.
Қазіргі уақытта зауыт шитті мақтаны өңдеумен айналысады, мақта талшығын, мақта линтін және басқа да өнімдерді шығарады, сондай-ақ өз өнімдерін Қытайға, Түркияға, Еуропаға, Тәжікстанға, Иранға және Қырғызстанға экспорттайды.
Сонымен қатар, жоба аясында зауыт тамшылатып суару таспасы мен мақта тұқымын қайта өңдеу өндірістерінің құрылысын жүргізуде. Өндірістің жалпы құны 3 млрд. теңге. Екі жобаны да 2025 жылы іске қосу жоспарлануда.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар