28.07.2023
10:35
2131
Түркістанда жер сілкінді

Түркістанда жер сілкінді

Түркістан облысы аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизика зерттеулер институтының Деректер орталығының мәліметінше, 27 шілде күні Астана уақытымен сағат 05.52-де Шардара қаласынан (Түркістан облысы – ред.) оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым және Шымкент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 155 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді.

Оқи отырыңыз:

Зілзала эпицентрі – солтүстік ендікте – 41.41 градус, шығыс ендікте – 68.60 градус. Mb магнитудасы – 4.1. Энергетикалық санаты – 9.6», - делінген мәліметте.