Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТүркістан облысында жеңіл жүріспен айналысқан 8 шетелдік қыз елден шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысында «Халықтың көші-қоны туралы» заң талаптарын бұзған 711 шетелдік пен Қазақстан азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 506 шетелдікке шара қарастырылды.
Мәселен, полиция қызметкерлері Сайрам ауданында көші-қон заңын бұзғаны үшін 8 жеңіл жүрісті қызды, яғни Өзбекстан Республикасының азаматтарын сот шешімімен елден шығарды. Ал Келес ауданында уәкілетті органның рұқсатынсыз құрылыс жұмыстарымен заңсыз айналысқан көрші мемлекеттің 15 азаматын анықтап, әкімшілік тәртіппен республика аумағынан шығарды.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес осы жылдың 19-25 маусым аралығында Түркістан облысының аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Басты мақсат – шетелдіктер жасаған немесе оларға қатысты қылмыстардың алдын алу және болдырмау. ҚР аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтары мен көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары