12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістанда 500 келі палау тегін таратылды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Түркістан қаласындағы экобазарда палаушылар фестивалі өткен. Онда әр бірінде 50 келіден 10 қазан палау дайындалып, халыққа тегін таратылды. Палау басқан аспаздар өзара мықтыны анықтады.
Экобазар басшылығы ұйымдастырған іс шараға өзге де кәсіпкерлер қолдау көрсеткен. Ал аспаздар ішінде шет елден келгендері де болды.
Сайыс қорытындысында түркістандықтар бірінші орынды жеңіп алып, 500 келі күріш пен 20 литр күнбағыс майына ие болды. Ал екінші орын Өзбекстаннан келген аспаздарға бұйырды. Оларға 250 келі күріш пен 10 литр күнбағыс майы берілді. Үшінші орынды Шымкент палаушылары иеленіп, 100 келі күріш пен 5 литр күнбағыс майын иеленді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер