22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТүркістанда «Азаматтық қоғам: Заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған іс-шараны Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы мен «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТҚ ұйымдастырды. Оған Қоғамдық даму басқармасының қызметкері Жеңіс Опышев модераторлық етті. Жиынға облыстағы қоғамдық ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Бұл пікірталастың негізгі мақсаты заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және заң талаптарын құрметтеуге шақыру болды. Сонымен қатар азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Күн тәртібінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауы негізге алынды. Жиын барысында барлық қатысушылар заңды сақтау және тәртіпті ұстанудың қоғамның тұрақты дамуына қосатын үлесі жайлы ой бөлісті.
Сонымен қатар шараға арнайы шақырылған облыстық Әділет департаментінің өкілі Бағдат Үсенов пен облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сәуле Шырынбекова қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік тіркеуден өту, қызметін тоқтату және есеп беру тәртібі бойынша түсіндірмелер жасады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев