Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФорумға облыс прокуроры, облыс әкімі, барлық құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мақсат – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың құқықтық санасын арттыруда мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев өз сөзінде облыс прокуратурасы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қылмыстың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, прокуратура бастамасымен «Бұзушылыққа тоқтам» жобасы жүзеге асырылып келеді. Аталған жоба аясында 240-тан астам құқық бұзушылық туралы хабарлама түсіп, оның 175-і расталып, олар бойынша процестік шешімдер қабылданды. Бұдан өзге форумда облыс прокуроры еліміздің басты құндылығы – бірлік пен келісім екенін, және осы құндылықтардың арқасында тұрақтылық сақталып отырғанын ерекше атап өтті.
Прокуратура ақпаратынша, өңірдегі 62 көпұлтты елдімекеннің әлеуметтік төлқұжаты жасалып, онда анықталған 400-ге жуық мәселенің 250-ден астамы шешімін тапты. Түркістан өңірінің рухани астана мәртебесіне ие болуына байланысты халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде алкогольден бас тартқан ауылдардың саны 70-тен асты. Жалпы әкімдік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп 3000-нан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Айта кетсек, аталған іс-шаралар Мемлекет басшысының «Заң және Тәртіп» апталығын өткізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді