12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМәжіліс «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және оған қатысты түзетулер бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобаларын Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау мақсатымен Ұлттық экономика министрлігі әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жобалардың мақсаты – Түркістанды Қазақстанның рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығы ретінде қалыптастыру, дамыту және оның жұмыс істеуі үшін құқықтық жағдай жасау. Негізгі принциптер тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және рухани нысандардың қасиеттілігін сақтау.
Негізгі заң жобасы аясында қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер олардың құқықтық мәртебесі, қорғау режимі, пайдалану тәртібі және басқа да аспектілерін анықтайтын санаттарға бөлінеді.
Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және айналасындағы құрылысқа бөгде элементтердің енуіне жол бермеу мақсатымен шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, кесененің қорғау аймағының шекарасынан 100 метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын, сондай-ақ тарихи ескерткіштермен ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша үйлеспейтін нысандардың құрылысына тыйым салынады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер