10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысында жергілікті тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетуден бас тартқан емханаға айыппұл салынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Медициналық көмек ала алмай жүрген ер адам Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне шағымданған. Бұл жөнінде otyrar.kz жазды.
Арызданушының айтуынша, белгісіз себептермен оның заңмен белгіленген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығы шектелген. Яғни, емхана ұжымы ер адамға көмек көрсетуден бас тартқан.
Осы дерекке қатысты омбудсменнің өңірлік өкілі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалына ұсыныс жолдаған. Нәтижесінде ережені бұзғаны үшін медициналық ұйымға 160 мың теңгеден астам айыппұл салынып, жергілікті тұрғынның құқығы қорғалды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді