2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТүркістан қаласында «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогі басталды. Бұл туралы El.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жарысқа Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып жатыр. Шараның салтанатты ашылуында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев спортшыларға сәттілік тілеп, министрлік әрдайым ұлттық спортты дамытуды қолдайтынын жеткізді.
«Спорт пен мәдениет – барша халықтың басын бір арнаға қосатын ортақ алаң. Соның ішінде қазақ күресі түркі жұртына етене жақын өнер түрі. Байырғы бабаларымыз балуандықты нағыз жігіттің ерекше сипаты деп білген. Қазақ күресі бұған дейін де «Әлем Барысы», «Евразия Барысы», «Қазақстан Барысы» секілді жобаларымен халыққа, әлем жұртына кеңінен таныс. Бүгін тұсауын кескелі отырған «Turan Barysy» болашақта спортсүйер қауымның қызығып тамшалайтын үлкен жобасына айналады деп сенемін», - деді Дәурен Абаев.
Спортшылар жеті салмақ санатында белдеседі: 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақта.
Турнир ашылуында жеребе тарту рәсімі өтті. Бірінші топта Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан құрамалары, екінші топта Қырғызстан, Түркия, Қазақстан құрамалары өзара мықтыны анықтайды.
Турнир Qazsport және TRT Avaz телеарналарының тікелей эфирінен көрсетіледі.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова