Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТүркістан облысында телефонның қаптағышына гашиш есірткісін жасырып, шекарадан өтпек болған шетелдік ер азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келес аудандық полиция бөліміне ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара бақылау қызметінен Өзбекстан Республикасының азаматы есірткі алып өтуі мүмкін деген хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына шығып, күдік тудырған шетелдік азаматты анықтады. Тексеру барысында телефонының қаптағышынан есірткі заты анықталды.
Ер азамат Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға өз көлігімен өтпекші болған. Алынған затқа сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша гашиш есірткісі болып шықты.
Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауда. Шетел азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар