6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда шекарадағы қызметкерлерінің қызметтік иті Өзбекстаннан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан Hyundai Solaris көлігін көріп, белгі берген. Полицейлер күдік тудырған көлікті байқап, бірден тоқтатып, көлік иесін тексерді. Тінту кезінде шетелдіктің шалбарының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды.
Тәркіленіп алынған затқа сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы оның гашиш есірткісі екенін растады.
Белгілі болғандай, ер адам Тәжікстан елінің азаматы болып шықты. Қазір күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы («Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі