10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, басқарма және департамент басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, әскери бөлім сарбаздары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.
Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр, Халық қаһарманы. Оның ерлігін келешек ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Мерекелік шараның басты мақсаты - Халық қаһарманының 100 жылдығын атап өту. Батырдың ерлігін, отаншылдық рухын және халық үшін сіңірген еңбегін еске алу, әрі жастарға үлгі көрсету. Бүгінгі жиынға қатысып отырған жас сарбаздар батыр атамыздың өмір жолымен танысып, көп нәрсе үйреніп қайтарына сенім мол,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, шарада «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Түркістан облыстық әртүрлі деңгейдегі ардагерлерді Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі тарапынан меморандумға қол қою рәсімі өтті.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді