Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістанда Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем кубогы салтанатты түрде басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төл спортымыздың мәртебесін арттыруды мақсат еткен халықаралық доданың ашылу рәсіміне Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Қазақ күресі – ұлттық спорт түрлерінің ішінде айрықша рух пен қайсарлықты дәріптейтін төл өнеріміз. Бүгінде әлемнің 40-тан аса елінде қазақ күресінің федерациялары құрылып, жүйелі жұмыс атқарылуда. Соңғы жылдары Әлем, Азия, Африка және Еуропа чемпионаттары тұрақты өткізіліп, қазақ күресі жаңа деңгейге көтерілді. Сондай-ақ елімізде жоғары дәрежеде ұйымдастырылып келе жатқан “Тұран барысы”, “Қазақстан барысы”, “Еуразия барысы” және “Әлем барысы” сынды турнирлер халықтың зор қызығушылығына ие. Күні кеше қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты сәтті аяқталды. Бүгінде Түркістан қаласы қазақ күресінің халықаралық орталығына айналып отыр, - деді Ертай Кенжебекұлы.
30-31 қазан күндері өтетін дүбірлі додада 14 елден келген 100-ге жуық балуан боз кілемге шығып, 8 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Ер жігіттің ептілігі мен қайратын, рухы мен төзімін сынға салатын бұл жарыс әлемнің үздік балуандарын анықтамақ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді