30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында «Интеллект» атты зияткерлік сайыс өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат - олардың қоғам өміріне белсенді араласуын қамтамасыз ету, олардың білім мен қабілеттерін шыңдау, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, сайысқа 10 команда қатысып, төрт кезең бойынша үздіктер анықталды. Қатысушылар Түркістан қаласының тарихы, туризм саласы және танымал тұлғаларына қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен ой-өрісін сынға салды.
Зияткерлік додаға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңімпаз командаларды марапаттады. Өз сөзінде қала әкімі мұндай сайыстардың қоғамда білімді әрі белсенді азаматтардың қатарын арттырудағы маңызын ерекше атап өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Әл-Фараби» тобы, 2-орынды «Turan.kz» тобы, ал 3-орынды «Сұңқар» тобы иеленді. Жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар да бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды