6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚытайлық компания Түркістан облысында микрочип өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы Дархан Сатыбалды бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына сапары аясында өңірде бірнеше өндіріс орындарын ашу бойынша меморандумдарға қол қойылды.
Жұмыс сапары барысында делегация Қытайдың Ухань қаласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар алқабында болды. Онда әлемдік нарықта өндірілетін барлық мобильді телефон, тұрмыстық техникаға арналған қажетті электрондық жарақтардың басым бөлігі өндіріледі.
Екіжақты іскерлік кездесу барысында қытайлық IT компанияларға Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылып, өзара ынтымақтастық келісімшарт жасалды. Құжат негізінде алдағы уақытта Түркістан қаласында микрочип өндірісін қолға алу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Ухань қаласында 132 жоғары білім ордасы шоғырланып, 2 млн студент тұрады. Соның ішінде 11 университет IT саласына маманданған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі