30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда. әкімдік мәліметінше, өңірде әлеуметтік дүкендерде картоп келісі 100 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры үйлестіреді.
Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында жалпы 3500 тонна картоп, 2500 тонна сәбіз, 1700 тонна қырыққабат және 2200 тонна пияз бар. Ал көкөніс сақтау қоймасында 460 тонна картоп, 150 тонна сәбіз, 100 тонна пияз, 25 тонна қырыққабат, 200 тонна бакалеялық өнімдер, 62 мың дана жұмыртқа сақтаулы. Қоймада картоптың көлемі жеткілікті. Әкімдік алаңдауға негіз жоқ деп отыр.
Ішкі нарықта картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында базарлар, ірі сауда орындары мен әлеуметтік дүкен сөрелері және жәрмеңкелерде 100 теңгеден ұсынылып келеді. Өңір тұрғындары Түркістан, Арыс пен Кентау қалаларындағы 36 әлеуметтік дүкеннен картопты 100 теңгеден сатып ала алады. Сондай-ақ ірі сауда орындарындағы 64 әлеуметтік бұрышта өнім бекітілген төмен бағада сатылып жатыр,-делінген мәліметте.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды