Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады5-10 қараша аралығында Түркістан қаласында II түркі Универсиадасы өтеді. Ойын бағдарламасына волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі кіреді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстанда түркі Универсиадасын өткізу туралы мәлімдеді. Түркі Универсиадасын өткізудің мақсаты студенттер арасындағы спорттық жарыстар арқылы Түркі елдері арасындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады.
Универсиадаға түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің (Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан) және Венгрияның (байқаушы) 450-ден астам студент-спортшылары қатысады.
5 қарашада қатысушы елдердің туын көтеру жоспарлануда.
Универсиаданың ашылуы 6 қарашада SHOW ARENA-да, жабылуы - 9 қарашада Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтеді.
Жарыстар «OLIMPIC CENTER» СК және Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары