Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТүркістан облысы Бәйдібек ауданының тумасы Нышанғали Рахман екі аяғының көмегімен сурет салып, жазу жазады. 19 жастағы жігіт бүгінде ол Кентау қаласындағы арнаулы колледждің екінші курсында оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жас суретші өзі сияқты тағдырлас жандармен бірге оператор мамандығын меңгеріп жүр. Көпбалалы отбасында тәрбиеленген Нышанғали Рахманға екі қолының жоқтығы кедергі емес, барлық істі аяғымен жасап үйренген. Ол ұялы телефонды да аяқ саусақтарымен пайдаланады. Тіпті ойын ойнап, компьютердің құрылғыларын ауыстырып, сурет те салады.
Негізінен анимация және мультфильм кейіпкерлерінің суреттерін салғанды жақсы көремін. Шаршаған кезімде ән тыңдап, өзім ұнатқан суретті салып, жаным демалып қалады. Сонымен қатар ән айтып, жарыстарға да қатысамын. Болашақта архитектор болуды армандаймын. Сәулет өнерінің қыр-сырын меңгеріп, келісті үйлердің сызбасын жасау жоспарымда бар,- деді Нышанғали Рахман.
Ұстаздарының айтуынша, Нышанғали қоғамдық жұмыстарға да белсенді. Колледжде жүріп садақ ату, жүзу, теннис, шахмат, тоғызқұмалақ ойнаудан үздіктердің қатарында. Тіпті аяғымен садақ атып, ең үздік садақшы номинациясын жеңіп алған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары