Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағымның өкілінен есірткі тәркіледі, El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткі өсімдігін өсірген күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған, деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұрған Шардара ауданының тұрғыны болып шықты.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, күдіктінің үйінің ауласынан құрамында есірткі заты бар өсімдікке ұқсас 9 түп табылды. Сондай-ақ жедел қызметкерлер тінту кезінде шыны ыдыс және полиэтилен пакетке салынған есірткі заттарын тәркіледі. Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары марихуана болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек