Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТүркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында анықталғандай, дәмханада ыдыс жуушы болып жұмыс істеген жәбірленуші әйел банк қосымшасын қалай қолдану керек екенін түсінбей, әріптесінен несиесін онлайн форматта төлеп беруін өтінген. Алайда жас қыз несиені төлеп болған соң арам ойын іске асырған. Яғни сөмкеге қалдырып кеткен жәбірленушінің телефонын жасырын алып, құпия санын білген және екі бірдей банктен онлайн несие рәсімдеп, өзінің несиесін жапқан.
Жәбірленушіге жарты миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Ал арызданушы банктен несие бойынша берешек туралы хабарлама келген кезде ғана алданғанын білген. Қазіргі таңда бойжеткенге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады