Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТүркістан облысында Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы ХІІ халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың ашылу салтанатына көптеген құрметті қонақтар арнайы келді. Оның ішінде Қазақстан боксының жарқын жұлдыздары Ермахан Ибраимов, Болат Жұмаділов, Біржан Жақыпов, Тұрсынғали Еділов және тағы басқа танымал азаматтар қатысты.
Қазақта нар тұлғалы батыр деген түсінік бар. Дәл осы сипатқа Мұхтархан Қобыланбекұлы сай келеді. Сіз отандық бокстың дамуына спортшы ретінде де, қазіргі уақытта федерация вице-президенті ретінде де өлшеусіз үлес қосып келесіз, - деді ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.
Халықаралық турнирге 7 мемлекеттен 118 боксшы қатысуда. Жеңімпаздар 28 маусым күні анықталады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары