30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркістан облысында 2025 жылы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 125 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Оның 40%-ы тұрақты жұмыс орындары болады деп күтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Еңбек» бағыты бойынша биыл 32 млрд теңге қарастырылған. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды деген жоспар бар.
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, былтыр «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118 889 жұмыс орнын ашу жоспарланып, 108 725 жұмыс орны ашылған. Оның 62 892-сі тұрақты, 45 833-і уақытша.
Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарына тоқталсақ, 2024 жылы 15,8 мың отбасыға (94,8 мың адам) 6 854,2 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. 2023 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны былтыр 63 мың адамға немесе 60,1%-ға азайды, ал кедейлік деңгейі 3% төмендеді.
2025 жылы 76,2 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 10,6 млрд теңге бөлініп отыр екен. Нәтижесінде аз қамтылған азаматтар санын 2024 жылмен салыстырғанда 20 %-ға, ал кедейлік деңгейін 3,5 %-ға төмендету жоспарлануда.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды