22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТүркістандағы «Olympic Center» спорт кешенінде Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2007-2008 жылы туған жастар арасындағы бокс додасына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қытай, Египет, Сауд Арабиясы, Кувейт елдерімен қатар Қазақстанның барлық аймағынан 300-ден астам спортшылар қатысты. Айтулы сайыста халықаралық бокс қауымдастығының ережесіне сай ұлдар 13 салмақта жұдырықтасса, қыздар 6 салмақ дәрежесінде рингке көтерілді.
Тартысқа толы өткен жарыста 71 келіде Абылай Дәулетов, 75 келіде Ихтияр Алиддинов, 86 келіде Төлебай Ерубай, 92 келіде Ярослав Маслеев сынды дарынды боксшылар қола жүлдегер атанды. Ал 63,5 келіде күш сынаған Ерәділ Ұзақбай күміс медальді иеленді. Осындай жетістіктер легін толықтырған түркістандық сайыпқырандар қатарында 67 келіде қарсылас шақ келтірмеген Сұлтан Тұрдалы мен 54 келіде ринг көркін қыздырған Адияр Бахадур сыды таланты өрендер топ жарды.
Қыздар арасында Түркістан облысынан 63 келіде қолғап түйістірген Тоғжан Ыстыбай мен 50 келіде Айым Танкибаева қола медаль олжаласа, 57 келіде Лия Абдуллаева мен 60 келіде Нұрай Күнгейбай күміске қол созды. Сондай-ақ жекпе-жекте қарсылас шыдатпаған 66 келідегі дарынды боксшы Айсұлу Мұхит алтыннан алқа тақты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев