6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан қаласында олимпиадалық стандартты ескек есу каналында байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты басталды. Спорттық дода 6 сәуірге дейін жалғаспақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Доданың ашылу салтанатына Оңтүстік Корея елінің азаматы, Азиялық байдарка және каноэ есу конфедерациясының Бас хатшысы Ким Джейк арнайы келіп, Түркістандағы салынып жатқан олимпиадалық стандартты ескек есу каналына жоғары бағасын берді.
Чемпионатта еліміздің 11 өңірінен ең мықты ескекшілер бақ сынауда. Жарысқа Түркістан облысының саңлақтары жоғары дайындықпен келгендерін көрсетуде.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар ұлттық құрамаға шақырту алып, Қытайдың Нанчанг қаласында 8-10 мамыр күндері өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі