7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Бүгін «Ұлы Дала Елі» орталығында «Бас киімдер әлемі» көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық орамал күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға студенттер мен қала тұрғындары қатысты. Көрме барысында көрерменге сиқырлы айналар әлеміне тап болды. Көрмені тамашалай келе қонақтар әр елдің ұлттық бас киімімен танысты. Одан бөлек бас киім жасау процесіне атсалысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша көрмеде көпшілікке таныс «Алиса в стране чудес» (Alice in Wonderland) ертегі желісі негізге алынған. 1865 жылы жарық көрген ертегіні ағылшын математигі, ақыны және прозашысы Чарльз Лутвидж Доджсон – Льюис Кэрролл деген лақап атпен жазған.
Көрменің негізгі мақсаты – бас киім, орамал қай жерде, қай елде, қандай түрі болмасын қасиетті және құрметке лайық екенін көрсету. Ежелгі дәуірде бас киім биліктің символы болған, тек ақсүйек, бай бағлан адамдар ғана сәнді шляпалар, қалпақшалар кие алатын. Шляпа неғұрлым үлкен, биік болса, оның иесінің дәрежесі соғұрлым жоғары болғанын көрсетеді. Қазіргі уақытта бас киімдер белгілі бір ұлттармен байланысты. Чалма, феска, скуфья, тақия, афганка, кокошник, бандана, башлык және т.б. секілді.
Көрме екі аптаға жалғасады. Аталған орталық бұдан бөлек көптеген тақырыпта іс-шаралар мен көрмелер ұйымдастырып, халықтың алғысына ие болып жүр. Музейге келушілер ұлттық құндылықтар мен тарихты насихаттайтын құнды жәдігерлермен таныса алады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?