23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТүркістанда азамат танысын қайтарымсыз грант алып беремін алдаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Ол арызында сырттай таныс ер адам мемлекеттен қайтарымсыз грант алып беремін деп, қызметі үшін 300 мың теңге ақшасын алып, жарты жыл бойы алдап келгенін жеткізген.
Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекен-жайынан анықталды. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Белгілі болғандай, күдікке ілінген ер адам алған ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады