Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТүркістан облысы Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылының тұрғыны Гүлзахира Жолдасова үйінің бір бөлмесін шағын цехқа айналдырып, тәулігіне 450 жұп шұлық шығарып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл тұрғыны өнімдерін “NurTextile” атымен ауылдың өз брендіне айналдырып үлгерген.
Ол бұл кәсіпке жолдасы Өзбекстанға барып, арнайы оқып келгеннен кейін бет бұрған. Қазір шұлықтар аудан орталығындағы дүкендер мен базарларға жөнелтілуде. Шұлықтың бір данасы 250 теңгеден сатылып жатыр.
Алғашқыда аздап қорқыныш болды. Бірақ тәуекел еттік. Қазір күн сайын тапсырыс қабылдаймыз. Жабдықтарды да өз қаражатымызға алдық. Шұлықтар сапалы әрі сұранысқа сай. Бұл шағын өндіріс – табыс көзі ғана емес, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың бір жолы. Егер мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетілсе, өндірісті кеңейтіп, жұмысшылар санын арттыруға мүмкіндік туар еді,- дейді кәсіпкер.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар