Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТүркістан облысы Отырар ауданында ауыл ұстаздарына Дубайға жолдама берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысқан ауданның үш оқушысы 2 орын, екі оқушысы 3 орын иеленді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев олимпиада жүлдегерлерін және олардың жетекші ұстаздарын қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
Ауданның бас ұстазы жүлдегер оқушылардың жетекші ұстаздары Клара Әбішоваға, Арайлым Мылтықбаеваға, Замира Таскентбаеваға, Индира Қаныбековаға, Әділ Жұмәділаевқа демеушілер есебінен Дубай қаласына тегін жолдама табыстады.
Айта кетсек, Отырар ауданында 40 мектеп бар. Қазіргі таңда білім ұяларында 2500 ұстаз еңбек етіп, 12600 оқушы білім алуда.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар