30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүркістан облысында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ақсақалдар кеңесі» республикалық отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесудің негізгі мақсаты - қазақстандық қоғамды шоғырландырудағы, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды іске асырудағы ақсақалдардың рөлін талқылау болды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, кездесуге ҚХА төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ «Ақсақалдар кеңесі» мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
25-27 қыркүйек аралығында өткен өңірге сапар аясында ҚХА төрағасының орынбасары журналистер клубының мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен және облыс аудандарындағы қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесті. Онда әр азаматтың жастарды тәрбиелеуге қосқан үлесі, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, патриоттық тәрбие беру және жалпы азаматтық құндылықтарды нығайтуға қатысты маңызды тақырыптар талқыланды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды