Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТүркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдікті ұсталды. Ер кісіні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері құрықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Діни экстремизмнің жақтаушысы Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты. Ол әлеуметтік желі арқылы радикалды уағызшылардың бейнероликтері мен терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан.
Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер діни бағыттағы 300-ге жуық кітапты, ноутбукты және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде,-делінген полиция мәліметінде.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады